NINETY ONE тобы 2014 жылы K-Top Idols жобасы негізінде құрылды. ZAQ және A.Z. жобаның жеңімпаздары болды, ал ALEM және BALA кастинг нәтижесінде топқа қосылды.
АСЕ Оңтүстік Кореядағы SM entertainment агенттігінде тағылымдамадан өткеннен кейін қосылды.

2015 жылдың 1 қыркүйегінде NINETY ONE "Айыптама" атты алғашқы синглін шығарды,
сол күні 20 апта бойы Қазақстан музыкалық арналарының чарттарында көш бастап тұрған осы әнге бейнеклип шықты. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топ "Айыптама" дебюттік шағын альбомын таныстырды.

2020 жылдың 20 тамызында A.Z. мүшесі топтан кетті. Топ өз шығармашылық жұмысын 4 қатысушы құрамында жалғастырды.
NINETY ONE “Q-POP” жаңа музыкалық жанр құрды.

Ерекшелігі хип-хоптан фанкиге дейінгі әртүрлі музыкалық жанрлардың қоспасында. Осы жанрда өнер көрсететін әртістер жарқын келбетімен және әсерлі бейнелерімен ерекшеленеді, бірақ басты айырмашылығы - әлемнің музыкалық трендтеріне сәйкес келетін заманауи қазақ музыкасы.
ТОПТЫҢ ТАРИХЫ
QAZAQ POP MUSIC
NINETY ONE NINETY ONE NINETY ONE NINETY ONE NINETY ONE NINETY ONE NINETY ONE
BALA
ALEM
ACE
ZAQ
ВОКАЛИСТ, БАРИТОН
ВОКАЛИСТ, БАРИТОН
ВИЗУАЛ ЖӘНЕ ТОПТЫҢ
ЛИДЕРІ тенор
Рэпер, БАС МӘТІНШІ
© NINETY ONE
Шын есімі: Құлымша Данияр Ахылбаевич
Лақап аты: BALA
Топтағы орны: Бас вокалист
Туған күні: 19/02/1998
Туған жері: Ақтөбе қаласы
Отбасы: Ата-анасы, інісі мен қарындасы
Тілдер: Қазақ, орыс, ағылшын
Instagram: @bqlq.qi

Кейбір деректер:
— «Brotherhood» инструменталды тобының бұрынғы мүшесі
— Бала кезінен бастап музыкамен айналыса бастады


Шын есімі: Маликов Батырхан Абайұлы
Лақап аты: ALEM
Топтағы орны: Вокалист
Туған күні: 18/02/1993
Туған жері: Үшқұдық, Өзбекстан
Отбасы: Ата-анасы, ағасы мен қарындасы
Тілдер: Қазақ, орыс және ағылшын
Instagram: @xcialem

Кейбір деректер:
— «Қазақстан дауысы» жобасының финалисті
— X-фактор» жобасының жартылай финалисті
— Барселона (Испания), Берлин (Германия), Ресейде өткен халықаралық жарыстардың лауреаты
— Сүйікті аниме - «Death Note»


Шын есімі: Мұхаметқалиев Дулат Болатұлы
Лақап аты: ZAQ
Топтағы орны: Рэпер, бас мәтінші
Туған күні: 08/02/1996
Туған жері: Ұржар ауылы
Отбасы: Анасы, інісі мен қарындасы бар
Тілдер: Қазақ, орыс, ағылшын
Instagram: @zaqcount

Факты:
— 2 сыныптан бастап хип-хоп мәдениетінің жанкүйеріне айналып, сол кезден бастап рэп оқи бастады. Алматыға қоныс аударғаннан соң Raphana Rec.атты андеграунд тобына қосылды
— Мектеп кезінде акробатикамен айналысты
— Интернеттегі қазақ тілінде болған интернет жекпе-жектердің қатысушысы
— Сүйікті кітабы — «Множественные умы Билли Миллигана»
Шын есімі: Ашмақын Азамат Қайратұлы
Лақап аты: ACE
Топтағы орны: Вокалист, топ басшысы
Туған күні: 29/08/1993
Туған жері: Алматы қаласы
Отбасы: Ата-анасы, ағасы
Тілдер: Қазақ, орыс, кәріс
Instagram: @acetagrammy

Кейбір деректер:
— 2012-2015 жылдар арасында SM Entertainment (Оңтүстік Корея) компаниясында тағылымдамадан өткен болатын
— Ерте жастан ән айтуды ұнатып, кейін вокал сабақтарына қатыса бастады
— Мистикалық және эзотериялық кітаптарды оқуды жақсы көреді